«Нашақорлықта болашақ жоқ»
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы жастар арасында есірткіге қарсы бағыттағы ағартушылық және тәрбиелік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Осы шаралардың бірі ретінде «Нашақорлықта болашақ жоқ» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды. Тренинг барысында қатысушылар психологиялық, құқықтық және әлеуметтік тұрғыда пайдалы мәліметтер алып, ашық диалог форматында өз ойларымен бөлісті. Мамандар жастарға есірткі қолданудың физикалық, психологиялық және әлеуметтік зардаптары туралы кеңінен түсіндіріп, салауатты өмір салтын қалыптастырудың тиімді жолдарын атап өтті.
Іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Сухарев Андрей Викторович, басқарманың аға жедел уәкілі, полиция майоры Айгерім Асанқызы Каукешова, Тараз өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы алдын алу бөлімінің аға офицері, подполковник Айнабеков Нұрғали Пердебайұлы, Жамбыл облысы Психикалық денсаулық орталығының психолог-дәрігері, нарколог Данилюк Ирина Владимировна, сондай-ақ Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Бикенова Құралай Алпысбайқызы қатысып, тақырып аясында маңызды ақпараттар мен нақты деректер келтірді. Семинар-тренинг жастардың есірткіге қарсы көзқарасын қалыптастыруда, олардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыруда, сонымен қатар қоғамда салауатты өмір салтын насихаттауда үлкен маңызға ие болды.

23 Маусым 2025
19
25 Қараша 2024