"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Жастар арасында футбол өткізілді

Жастар арасында футбол өткізілді

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырып жатқан «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға, есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында іс-шаралар жалғасын табуда. Мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына баулу, спорттық белсенділікті арттыру және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру болып табылады. Осы бағытта түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылып, жастардың белсенді қатысуына мүмкіндік берілуде.

Жоба аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде футболдан «Жастар спартакиадасы» өткізілді. Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, командалық рухты танытты. Спартакиада жеңімпаздары медальдармен, кубоктармен, арнайы дипломдармен және қаржылай сертификаттармен марапатталды. Тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша: 1-орын – «Фемида» командасы, 2-орын – Технология факультетінің студенттері, 3-орын – Жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенттері иеленді. Жарыс барысында ерекше көзге түскен үздік ойыншылар да арнайы марапаттар мен қаржылай сертификаттарға ие болды. Бұл шаралар жастар арасында спортты насихаттап қана қоймай, олардың уақытын тиімді өткізуге, достық пен өзара сыйластыққа негізделген орта қалыптастыруға зор үлес қосты. 

joomla 3.5