Волейболдан "Жастар спатакиадасы"
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға және есірткі бизнесі мен нашақорлықтың алдын алу және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасының “Нашақорлықсыз болашақ” акциясы аясында түрлі форматтағы іс-шаралар жалғасуда.
Акция аясында “Тараз сервис және технология колледжінде” жастар арасында волейболдан “Жастар спартакиадасы” ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық рухты дамыту болды. Турнирге колледждің әр түрлі мамандықтарында оқитын 6 команда қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын көрсетті. Әр команда жоғары деңгейдегі шеберлік пен ұйымшылдық танытып, жарыс барысында қызу бәсеке орын алды. Қорытынды бойынша: 1-орын – Аспаз-24-2 тобы, 2-орын – Повар-23-4 тобы, 3-орын – Аспаз-25-3 тобы жүлделі болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен қаржылай сертификаттар табыс етілді. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға белсенділіктері мен спортқа деген құштарлықтары үшін алғыс білдірді.

21 Маусым 2025
19
25 Қараша 2024