"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Қордай ауданына жаспарлы бару жүргізді

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Қордай ауданына жаспарлы бару жүргізді

2025 жылдың 30 қазанында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Е.Т.Қуанышевпен Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№7 Қордай аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ-на жоспарлы алдын ала бару жүргізілді. Аталған барудың негізгі мақсаты – арнайы әлеуметтік қызмет көрсетілетін мекемелерде адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету. Бару барысында мекеменің материалдық-техникалық жағдайы мен қызмет көрсету сапасына талдау жасалып, бірқатар мәселелер анықталды. Атап айтқанда: мекеме Жарғысын заң талаптарына сәйкестендіру, комиссия құрамын Қағида талаптарына сай қайта қарау, қызмет алушылар үшін ішкі өрмелі саты мәселесін шешу, бөлмелердің орналасуын оңтайландыру, тамақтану тәртібін бақылауға алу ұсынылды. Сонымен қатар, Уәкіл туралы ақпарат пен ҰПТ қатысушыларының тізімі көрнекі жерге орналастырылуы қажет екені айтылды. Заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарастыру ұсынылды. Өкіл мекеме қызметінде адамгершілік пен заңдылық қағидаттарының сақталуы – қоғамдағы әлеуметтік әділеттіліктің негізі екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

30 октября 2025 года Представителем Уполномоченного по правам человека в Республике Казахстан по Жамбылской области Е.Т. Куанышевым было осуществлено плановое превентивное посещение КГУ «Кордайский районный центр оказания специальных социальных услуг №7» управления координации занятости и социальных программ акимата Жамбылской области. Основной целью мероприятия является обеспечение соблюдения прав человека в учреждениях, оказывающих специальные социальные услуги. В ходе визита было отмечено, что Устав учреждения требует приведения в соответствие с действующим законодательством, а состав комиссии – с требованиями Правил. Обращено внимание на санитарные условия для получателей услуг и вопросы внутренней инфраструктуры учреждения. Отмечена необходимость нанесения информационных табличек на двери комнат и устранения неудобств, связанных с их расположением. Даны рекомендации по контролю за меню и распределением пищи. Предложено разместить информацию об Уполномоченном по правам человека и участниках НПМ по Жамбылской области. Внесены предложения по рассмотрению ответственности должностных лиц, допустивших нарушения. Представитель отметил, что соблюдение принципов гуманности и законности в работе учреждения – основа социальной справедливости. Работа в данном направлении будет продолжена на системной основе.

joomla 3.5