"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / "Жас келсе іске"

"Жас келсе іске"

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «NEET санатындағы жастарды қолдау жүргізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында түрлі бағыттағы іс-шаралар жүзеге асырылуда. Жастар бастамаларын қолдау және волонтерлік қызметтің тиімділігін арттыруға арналған конференция өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар өз әлеуметтік идеяларын таныстырып, жетекші мамандардан кеңес алды. Сонымен қатар, көшбасшылық дағдыларды дамытуға арналған топтық тапсырмалар өткізілді. Конференцияға колледж студенттері қатысты, олардың әрқайсысы өз жобаларын талқылап, практикалық ұсыныстар алды. Қатысушылардың белсенділігіне байланысты марапаттар мен алғыс хаттар берілді.

joomla 3.5