«NEET санатындағы жастарды қолдау жүргізу»
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «NEET санатындағы жастарды қолдау жүргізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.
Жоба аясында «Жас келсе іске» атты семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың жеке даму әлеуетін арттыру, шығармашылық бастамаларды қолдау және қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымды дамыту болды. Қатысушылар тәжірибелік жаттығулар арқылы өздерін топта тиімді ұйымдастыру, идеяларын жеткізу және әлеуметтік жобаларды жоспарлау дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар, жастарға арналған мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен кәсіптік бағдар беру, әлеуметтік бастамаларды іске асыру мүмкіндіктері туралы толық ақпарат ұсынылды. Іс-шара соңында қатысушылар өздерінің әлеуметтік жобаларын таныстырып, спикерлерден кері байланыс алды.

25 Қазан 2024
15
25 Қараша 2024