Мағжан Жұмабаев мектебінде семинар өтті
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданының ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, «Отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» атты мемлекеттік әлеуметтік жоба шеңберінде бірқатар тәрбиелік әрі танымдық іс-шараларды іске асыруда. Жобаның басты мақсаты – қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыру, жас ұрпақ арасында отбасылық жауапкершілік пен рухани құндылықтарды дәріптеу. Аталған жоба аясында Мойынқұм ауданының Мағжан Жұмабаев атындағы мектебінде кезекті кездесу өткізілді. Шара «Отбасының қоғамдағы орны» тақырыбында ұйымдастырылып, оған оқушылар, ұстаздар қауымы қатысты. Шара спикері Сүлейменова Ұлзада болды. Ол өз сөзінде отбасындағы өзара сыйластық, түсіністік және ынтымақтың маңызын жан-жақты баяндап, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың тәрбиелік қырларына тоқталды. Сондай-ақ қатысушыларға рухани құндылықтарды сақтау мен отбасы татулығын нығайту бағытында маңызды ойлар мен кеңестер айтты. Қатысушылар тақырыпқа қатысты өз ойларын ортаға салып, өзекті сұрақтарына жауап алды. Кездесу соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға және спикерге ризашылықтарын білдіріп, осындай мазмұнды шаралардың отбасылық құндылықтарды дәріптеуде үлкен рөл атқаратынын атап өтті.

10 Қазан 2025
15
25 Қараша 2024