"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / "Бақытты балалық шақ"

"Бақытты балалық шақ"

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Аталған жоба аясында Мойынқұм ауданына қарасты Бірлік ауылында оқушылармен «Бақытты балалық шақ» атты психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отбасылық құндылықтарға деген оң көзқарас қалыптастыру, балалардың психологиялық саулығын арттыру және олардың жеке тұлғалық дамуына қолдау көрсету болды.

Тренингке ауылдық мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Психолог маман балалардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі психологиялық жаттығулар мен ойын түрлерін өткізіп, бала психологиясы, өзін-өзі тану, ішкі сенімділік пен эмоцияны басқару тақырыптарында мазмұнды ақпараттар берді. Тренинг барысында қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізіп, бір-бірімен пікір алмасуға мүмкіндік алды. Ашық әрі сенімді атмосферада өткен бұл шара балалардың көңіл күйіне оң әсер етіп, олардың рухани дамуына серпін берді.

Іс-шара соңында қатысушылар мен мектеп әкімшілігі ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай тәрбиелік мәні жоғары кездесулердің тұрақты өткізіліп тұруының маңыздылығын атап өтті.

joomla 3.5