"Жастардың рухани құндылығын арттыру – ел болашағының кепілі"
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтау және жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Ақыртөбе ауылындағы Ақыртөбе орта мектебінде кездесу өткізді.
Іс-шараға гуманитарлық ғылымдар магистрі Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы қатысып, жас ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиетті қалыптастырудың маңызы жөнінде ой бөлісті. Спикер қазіргі заманда жастардың ақпараттық кеңістіктегі белсенділігіне тоқталып, ұлттық код пен мәдени тамырдан ажырамаудың қажеттігін атап өтті.Кездесу еркін форматта ұйымдастырылып, оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды. Шара жастарды өз елінің тарихын, дәстүрін қадірлеуге және құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталды.

16 Сәуір 2025
14
25 Қараша 2024