"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам /  "Ұлттық сана мен рухани тәрбие – жастардың бағыт-бағдары"

"Ұлттық сана мен рухани тәрбие – жастардың бағыт-бағдары"

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтау және жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында іс-шаралар өткізілуде. Кезекті іс-шара - Өрнек ауылындағы Алғабас орта мектебінде мазмұнды кездесу өтті. Іс-шара жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында ұйымдастырылды.

Кездесудің қонағы – гуманитарлық ғылымдар магистрі Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы жастармен ашық әңгіме жүргізіп, өз болашағына жауапкершілікпен қараудың, туған жерге адал қызмет етудің маңызын айтты. Спикер қоғамдағы кейбір келеңсіз жағдайлардың себебі рухани тәрбиенің әлсіреуінен екенін атап өтіп, бұл олқылықты білім мен парасат арқылы жою қажеттігін жеткізді. Ел ертеңін ойлайтын жастарды тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіру басты бір діңгек ретінде қалыптастырудың маңызын түсіндірді.

Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өз көзқарастарын ортаға салды. Шараның түпкі мақсаты – жастардың бойында елге деген сүйіспеншілік пен адамгершілік қасиеттерді арттыру болды.

joomla 3.5