"Ел ертеңі - жастар"
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтау және жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Тереңөзек ауылындағы Жамбыл орта мектебінде жастармен кездесу ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында патриоттық рухты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Кездесуде гуманитарлық ғылымдар магистрі Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы сөз сөйлеп, еліміздің болашағы саналатын жастардың қоғамдағы белсенді ұстанымы мен жауапкершілік сезімі туралы ой қозғады. Ол ұлттық сана мен рухани байлықтың адам болмысындағы шешуші рөлін түсіндіріп, жас буынды білім мен ізгілікке шақырды.
Шара барысында оқушылар өз пікірлерін ашық білдіріп, отансүйгіштік пен ел бірлігінің мәні жөнінде әсерлі ойларымен бөлісті. Кездесу соңында жастар елге қызмет ету – ең үлкен азаматтық борыш екенін ерекше атап өтті.

25 Қыркүйек 2025
16
25 Қараша 2024