AMANAT CUP республикалық турнирінің жеңімпаздары жарияланды
Астанада «AMANAT CUP» XXIII республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті!
«Жастар Рухы» жастар қанаты мен «Qazaq Debate» қозғалысы ұйымдастырған дәстүрлі додада еліміздің ең үздік спикерлері анықталды.
Атқарушы хатшы Дәулет Кәрібек Мемлекет басшысының білімді, еркін ойлы жастарды қолдау саясатын атап өтсе, Мәжіліс депутаты Болат Керімбек пікірсайыстың жастардың ойлау қабілеті мен азаматтық белсенділігін арттырудағы маңызын айтты.
Биыл 150 өтінімнің ішінен 60 команда іріктелді.
Қазақ, орыс және алғаш рет ұйымдастырылған студенттік лига Британ, Америка және Линкольн–Дуглас форматтарында сынға түсті.
ЖЕҢІМПАЗДАР:
Қазақ лигасы:
1-орын – Дильназ Бауыржанқызы – Жәкен Нұрхан
2-орын – Жансерік Жолшыбек – Алтынай Қалдыбай
3-орын – бірнеше өңір командалары
Үздік спикер – Дәулет Нүркен
Орыс лигасы
1-орын: Сұлтан Сатыбалды – Камила Құрамысова
2-орын: Айгерім Айбасова – Дінмұхаммед Сағатбеков
3-орын: Самат Саяқов – Мұратбек Нұрлан және Ерұлан Мейіржан – Аруна Найманова
Үздік спикер: Дінмұхаммед Сағатбеков
Үздік төреші: Жібек Әкімова
Студенттік лига
1-орын: Нұрқадыр Серікқазы – Дидар Арчин
2-орын: Махаббат Алипчеева – Ақерке Дарханбек
3-орын: Аяулым Сайлауова – Нұртас Нұрай және Нұрханым Бермұханбет – Жадыра Қайратова
Халықаралық «Model OIC» ойыны
60 қатысушы 4 комитет бойынша бақ сынап, үздіктер анықталды:
Best delegate, best speaker және best position paper номинацияларының иегерлері – еліміздің әр өңірінен келген талантты жастар.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!
«AMANAT CUP» – жастардың ойы мен білімі шыңдалатын маңызды алаң.
#ЖастарРухы #AMANAT
17 Қараша 2025
42
25 Қараша 2024