«Шалыс баспа» атты ақпараттық кездесу
Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Т.Рысқұлов мектебінде "Шалыс баспа" тақырыбында ақпараттық кездесу өтті. Іс-шара Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі мен Мойынқұм ауданының ішкі саясат бөлімі жүзеге асырып жатқан нашақорлықтың және есірткі саудасының алдын алуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік жоба аясында ұйымдастырылды. Кездесуде спикер Берекеева Динара оқушыларға есірткіге әуестенудің адам өміріне тигізер кері әсері туралы кеңінен баяндап, оның жасөспірімдердің денсаулығына, оқуына және болашағына төндіретін қауіптерін нақты деректермен түсіндірді. Сонымен қатар, заң талаптары мен жауапкершілік түрлері де мысалдар арқылы жеткізілді. Оқушылар түрлі жағдайлар бойынша сұрақтар қойып, маманмен ашық әңгіме жүргізді. Жасөспірімдерге күмәнді ортадан аулақ болу, дұрыс шешім қабылдай білу, өз қауіпсіздігін қорғау жолдары үйретілді. Шара соңында қатысушылар мұндай түсіндіру жұмыстарының маңызы өте зор екенін айтып, мектеп ұжымына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірілді. Ұйымдастырушылар алдын алу іс-шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.

29 Қыркүйек 2025
15
25 Қараша 2024