Салауатты өмір
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Аудан тұрғындары арасында нашақорлықтың және есірткі бизнесін алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар” мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Мыңарал ауылында ұйымдастырылған “Салауатты өмір салты” атты семинар — нашақорлық пен зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстардың жалғасы болды.
Іс-шараға ауылдың белсенді жастары, ауыл тұрғындары және мектеп оқушылары қатысты. Семинарда сөз алған заңгер Өмірбеков Данияр Маратұлы есірткінің таралу жолдары, заңмен қарастырылған жаза түрлері, оны тұтынудың қоғамға тигізетін залалын нақты деректермен баяндап берді.
Семинар барысында “Салауатты өмір салтын неге таңдауымыз керек?”, “Зиянды әдеттердің алдын алу жолдары” сынды тақырыптар қамтылды. Қатысушылар еркін пікір алмасып, пайдалы ақпарат алды. Спикер жастарға үлгі болатын азаматтар туралы айтып, әр адамның өз таңдауына жауапты екенін жеткізді. Шара соңында қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылды.

01 Қазан 2025
15
25 Қараша 2024