"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Саясат / “Ауыл” партиясы Жамбыл облыстық өңірлік филиалының жаңа төрағасы тағайындалды.

“Ауыл” партиясы Жамбыл облыстық өңірлік филиалының жаңа төрағасы тағайындалды.

Бүгін “Ауыл” партиясы Жамбыл облыстық өңірлік филиалының жаңа төрағасы тағайындалды.

Партия филиалының төрағасы қызметіне Құрманбекова Слушаш Сатбекқызы тағайындалды.

Құрманбекова Слушаш Сатбекқызы 1963 жылы 17 ақпанда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Әр жылдары жауапты қызметтер атқарып, 2019-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымында болды. Қазіргі таңда Жамбыл облысы білім басқармасы жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы әрі Жамбыл облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі.

Сондай-ақ, осы уақытқа дейін филиал төрағасы қызметін атқарған Муслимов Нұржан Жомартұлына партия төрағасы Егізбаев Серік Рахметоллаұлының арнайы Алғыс хатын Мәжіліс депутаты Саурықов Ерболат Байұзақұлы табыстап, атқарған еңбегі үшін ризашылығын білдірді.

Жаңа қызметіңізге сәттілік пен толағай табыс тілейміз!

  

joomla 3.5