"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Саясат / Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Толеранттылық – бейбітшілік пен келісімге жол» атты студенттермен кездесу

Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Толеранттылық – бейбітшілік пен келісімге жол» атты студенттермен кездесу

Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Толеранттылық – бейбітшілік пен келісімге жол»

атты студенттермен кездесу 

 

2025 жылғы 22 мамырда Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ бастамасымен Жамбыл жоғары медициналық колледжінде “Бірлігіміз жарасқан” жобасы аясында студенттермен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – болашақ медицина қызметкерлерінің бойында төзімділік, адамгершілік, рухани келісім мен толеранттылық сынды құндылықтарды қалыптастыру, оларды этностар мен дін өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Кездесуге қатысқан спикерлер:

– “Қоғамдық келісім” КММ жетекші сарапшысы Рахат Ерханұлы;

– Медиация кабинетінің меңгерушісі, кәсіби медиатор Досыбиева Валентина Николаевна;

– “Еркін ойлар алаңы” интеллектуалды пікірсайыс ұйымының төрайымы Бекмырза Айдана.

Кездесу барысында толеранттылық ұғымының медициналық саладағы маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Рахат Ерханұлы Қазақстан қоғамындағы бейбітшілік пен келісімнің негізі – өзара түсіністік пен құрмет екенін атап өтті. Досыбиева Валентина Николаевна кәсіби медиатор ретінде конфликтология мен медиацияның маңызын түсіндірді. Ал Бекмырза Айдана жастар арасындағы сындарлы пікір алмасу мәдениеті, интеллигентті пікірталас дағдылары, өз ойын жеткізе білу мен өзгелерді тыңдаудың маңызы туралы ой бөлісті.

 

 

joomla 3.5