BAGYT Caravan – жастарға бағыт беретін керуен! Т.Рысқұлов ауданында
Бүгін Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында ауылында «BAGYT Caravan» ақпараттық турының кезекті кездесуі өтті.
Іс-шара барысында Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып:
BAGYT HUB жобасы, оның мүмкіндіктері мен бағыттары таныстырылды
Жастарға арналған Digital BAGYT Telegram платформасы түсіндірілді
Қатысушылармен интерактивті сұхбат және шағын семинар өткізілді
Аудан жастарының жобалық ұсыныстары мен идеялары жинақталды
Жастар өз кәсіби бағыты мен шығармашылық бастамаларын дамыту жолында белсенділік танытты. «BAGYT HUB» – дәл осындай белсенді жастармен бірге өңірдің келешегін бірге қалыптастырады!
Келесі аялдама – жаңа аудандарда!
Жаңалықтар мен қатысу үшін: https://t.me/digital_bagyt
Іс шара "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранты аясында Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде ұйымдастырылды.
#BAGYTCaravan #BAGYTHUB #ЖамбылЖастары #ЖастарБастамасы


21 Қазан 2025
18
25 Қараша 2024