Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты облыстық пікірсайыс турнирінің
АҚПАРАТЫ
Өткізілу орны мен уақыты: 2022жылдың 16 сәуір күні, сағ.9.00, Жамбыл обл.,Т.Рысқұлов ауд.,Абай ауылы.,Абай атындағы шағын орталықты орта мектебі
Мақсаты: Пікірсайыс турниріАхмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын жоғары деңгейде атап өту мақсатында, облысымызда пікірсайысты дамыту мақсатында өткізілді.
Мазмұны: Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып,Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты облыстық мектептер арасында пікірсайыс турнирін ұйымдастырды.
Турнир кестеге сәйкес Тараз қаласы мен аудандық мектептердың оқушыларын жинау арқылы жүргізіліп,
100-ге жуық оқушы қатысты.
Қатысушылар:Тараз қаласы мен барлық аудандық орта мектептеріндегі пікірсайыс ойнаушы оқушыларі. Барлығы – 100 адам.
Мақала: Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты облыстық мектеп оқушылары арасында пікірсайыс турнирін Т.Рысқұлов ауданы, Абай ауылында ағымдағы жылдың 16 сәуір күні ұйымдастырды.
Турнир кестеге сәйкес Тараз қаласы мен аудандық мектептердің оқушыларын жинау арқылы жүргізіліп, аудандардың бетке ұстар оқушылары қатысты. Турнир іріктеу турнирлерінен 1/8, 1/4, 1/2, және финалдан тұрды. Турнир пікірсайысшылар арасында танымал АПФ, ЛД форматтарында ұйымдастырылды.
Турнир 2 лигада өтті.
Орыс лигасының жеңімпаздары:
3ші орын иегерлері Шу ауданы Жамбыл атындағы мектеп гимназиясының Призма атты фракциясы:Василенко Даниал, Каракесекова Элеонора
2ші орын иегерлері Қордай ауданы В.В.Маяковский атындағы орта мектебінің Единство атты фракциясы Османова Динара, Ахвердиева Альбина.
1ші орын иегерлері Тараз қаласы #7 мектеп гимназиясының Интер атты фракциясыПилипенко Милана, Агинбаева Айдана.
Қазақ лигасы бойынша:
3ші орын иегерлері Ақиқат фракциясы Шу ауданы М.Әуезов атындағы орта мектеп Бауыржанқызы Жансая, Сапан Мерей
3ші орын иегерлері Руханият фракциясы Жуалы ауданы #2 Мыңбұлақ мектебі Қонысбай Еркеназ, Кеңес Сабина.
2ші орыниегерлері Жалын фракциясы Т.Рысқұлов ауданы Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебі Аман Мерей, Жақсылық Назым.
2ші орын иегерлері Меркі ауданы Алаш 21 фракциясы.
1ші орын иегерлері Фемида фракциясы Байзақ ауданы Түймекент орта мектебінің оқушылары:Камаладин Нурила, Тоқтарбай Балауса
Бас жүлде иегерлері Талап фракциясы Байзақ ауданы Н.Ақшабаев мектебінің оқушылары Әбутәліп Аружан, Шадыбек Ажар."Үздік спикер" номинациясының иегері Әбутәліп Аружан атанды, "Үздік төреші" номинациясымен Закирова Аружан, Қрықбай Талант,Тоқберген Азамат марапатталды.Бұл жолы тек дебатпен шектеліп ғана қоймай, барлық саланы қамтуға тырыстық сол мақсатта "Үздік эссе" байқауын Қуандық Шапағат жеңіп алса, «Үздік пост» номинациясын Махмудұлы Ерсұлтан жеңіп алды. Қалған аудандар "Үздік топ", "Үздік делегация", "Ең креативті топ", "Ең интеллектуалды топ" және т.б номинацияларын қанжығаларына байлап қайтты.
Жалпы турнир барысында «Кинотеатрларда көрсетілетін барлық фильмдер қазақ тілінде дубляждау керек»; «Жоғары оқу орындарын таңдаулы мектептер (мысалы, НЗМ, БИЛ және т.с.с). түлектеріне оқуға түсудің қатаңырақ шарттарын қолдануға міндеттеу керек»; «Милар ағынын» тоқтату жолдары; «Қазақстан ретінде гранттар бөлу кезінде техникалық мамандықтарға қарағанда экономикалық мамандықтарға басымдық беру керек» деген секілді тақырыптар талқылап, өз араларында пікір алмасты. Ал, оқушылар арасында нағыз жеңімпаздарды анықтау үшін турнирді толығымен біліктілігі жоғары «Төрешілік оқыту» курсынан өткен сертификатталған төрешілер алқасы шешім шығарды.
Осылайша, дәл қазіргідей болашақта да оқушылар мен студенттерді кез-келген салада дамыту мақсатына бағытталған жастардың ұсынған әрбір тың идеялары мен жобалары Жастар басқармасының тарапынан қолдау таба бермек.
Наурыз мерекесі қарсаңында Қордай ауданы орталығының батыс алқабында, ауыл ажарына сән берер саябақ ашылды. Саябақтың ашылу салтанатына аудан әкімі Болатбек Байтөле, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, бөлім және мекеме басшылары, аудандық ардагерлер кеңесі мен жастар қатысты.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы «Туған жерге туыңды тік» акциясы мейірімді, атымтай жомарт жандарды туған жеріне деген ыстық ықыласын білдіруге шақырады. Осы бағдарлама аясында ауданымызда белгілі кәсіпкер, Қордай ауданының Құрметті азаматы Сәрсебек Салыбаев көмекке зәру, тұрмыс жағдайы төмен 3 отбасыға арнап үшпәтерлі үй салып берді.
1 наурыз – Алғыс айту күнін көптеген ұлт өкілдері біте қайнасып, татулықты ту еткен Қордай жерінде ерекше ілтипатпен атап өтіп келеді. Кеше аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылған мерекелік шара соның айғағы. Қазақ халқының даласындай дархан көңілі мен пейілі негіз болған мерекенің мәйегі турасында сөз болды осы күні.
«Arai plaza» бизнес-орталығында еліміздегі ең ірі жобаларының бірі – Азияның VI Агрохимиялық форумы өтті.
Страница 26 из 26