Жамбыл облысының 85 жылдығына орай Жамбыл облысының ашық біріншілігі Байзақ ауданында өтілді. Атаулы жарысқа 100 ден аса шабандоздар қатысты.
Ат жарыс екі турнирдан өтті.
"Құнан" бәйгесінен:
1орын- Жамбыл ауданы, Бақыт Ерсұлтанның құнаны Жұмыртұляқ, бапкері Қазыбек Серік, шабандозы Абдінұр Саматұлы
2орын-Т.Рысқұлов ауданы Бақыт Ерсұлтанның құнаны Жұмыртұяқ, бапкері Қазыбек Серік , шабандозы Абдінұр Саматұлы.
ІІ орын - Т.Рысқұлов ауданы, Эрмаков Қазбектің құнаны Аңыз, бапкері Әседілдаев Сәтжан, шабандозы Төлегенов Асылжан.
ІІІ орын - Меркі ауданы, Төлекеев Арнаттың құнаны Қаракөз, бапкері Құрманалиев Төребек, шабандоз Шыныбеков Мырзахмет.
ІV орын - Алматы облысы, Арыстан Кудебаевтың құнаны Бұлақ, бапкері Уайсхан Алдияр, шабандозы Алишер Тілек.
V орын - Меркі ауданы, Бегалиев Бағланның құнаны Советник, бапкері Кадыров Нуржан. шабандозы Дүйсенұлы Нурислам.
Аламан бәйгесінен:
І орын - Меркі ауданы, Төлекеев Арнаттың аты Желқара, бапкері Құрманалиев Төребек, шабандозы Шыныбеков Мырзахмет.
ІІ орын - Байзақ ауданы, Рауанұлы Әбілмансұрдың аты Сарыарқа, бапкері Досжанов Ерболат, шабандозы Айдаралы Бағжан.
ІІІ орын - Қордай ауданы, Нұрберген Айсұлтанның аты Айтолқын, бапкері Мұраханбаев Мақсат, шабандозы Молдашбаев Қанағат.
ІV орын - Талас ауданы, Мырзаханов Диастың аты Аманат, бапкері Құрманғалиев Бекболат, шабандозы Төреханов Бейбарыс.
V орын - Байзақ ауданы, Заурбеков Алинурдың аты Мұзбел, бапкері Досжанов Ерболат, шабандозы Дәулетбаев Мейір.
VІ орын - Алматы облысы, Қайырбеков Айдынның аты Қарақат, бапкері Дүйсенов Айдос, шабандозы Дадылхан Бекасыл.
VII орын - Т.Рысқұлов ауданы, Бекбергенов Мұраттың аты Нұрқасқа, бапкері Бекбергенов Мұрат, шабандозы Қалықов Бағжан
2024жылдың 24мамырында Тараз қаласы "Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы" КММ-де Балуан Шолақтың 160 жылдығына және Жамбыл обылысының 85 жылдығына орай қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" республикалық турниріне Жамбыл обылысының іріктеу жарысы өтті. Жарысқа Жамбыл обылысына қатыстты аудандар мен Тараз қаласының құрама командалары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша
1 орын - Қырғызбек Нұрлан (Жамбыл ауданы)
2 орын - Тұрғыналиев Жамбыл (Меркі ауданы)
3 орын - Теңгебаев Айдос (Талас ауданы) иеленді
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Ардагерлерді қолдауға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде «Komek.Demeu.kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов ауданының 85 жылдығына және 1 қазан қарттар күніне орай Құлан ауылында «Ұрпақтар сабақтастығы» атты спартакиада ұйымдастырылды. Спартакиада үстел теннисі, дарц, шахмат, дойбы ойындары бойынша өткізілді. Ойындар ерлер және әйелдер бойынша бөлек өткізілді. Спартакиада жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Ұйымдаспаған жастармен жұмыс жүргізу, үйлестіру және олардың әлеуетін дамыту бағытындағы шараларды ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде «Komek.Demeu.Kz» коғамдық қоры Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат белімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен жұмыс жоспарға сәйкес «Жастар спортты таңдайды» атты волейболдан турнир ұйымдастырылды. Волейбол турнирі Тараз сервис және технология колледжінде студенттер, волонтерлар, белсенді жастар, арасында ұйымдастырылды. Жарыс соңында женімпаз командаларға диплом, сыйлықтар берілді. Атап айтқанда I орынға бутылка және картинка, II орынға Термос, III орынға қапшығы бар су бөтелкесі берілді, сыйлықтармен қоса кубоктар мен медальдар табысталды.
Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық әләуетін дамыту бағытында іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және «Асар» оңалту кешенімен бірлесе отырып «Тараз Арена» спорттық кешенінде «Спортты қолдаймыз» атты спартакиада өткізілді. Спартакиада аясында мүмкіндігі шектеулі жастар арасында «Жүзуден», «Дойбыдан», «Жеңіл атлетикадан», «Дартстан», «Бочадан» және «Қол күрестен» жарыс ұйымдастырылды. Әр спорт түрі 4 санаттан тұрды, Спартакиадаға 60-қа жуық жастар қатысып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, қатысушылар қосымша сыйлықтарға ие болды.
«Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында іс-шараларды жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Байзақ ауданында ауқымды іс-шаралар кешені жүргізілді.
Аталмыш жоба аясында 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Байқаз ауданында Түймекент ауылындағы Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебімен бірлесе “Жас отбасылар” атты отбасылық спорттық ойындардың эстафетасын ұйымдастырылды. Эстафетаның мақсаты отбасы құндылықтарын насихатттай отыра, жергілікті халық арасында бұқаралық спортты дамыту.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбуктегі парақшасында Ақыртас қалашығын жан-жақты зерттеу қажеттігі туралы жазды
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы негізгі міндет- өскелең ұрпақтың бойына ұлттық сананы қалыптастыру.