Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Қоғам

Қоғам

   «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры Жамбыл облысы әкімдігің Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Жамбыл облысының діни ахуалын зерттеу» тақырынбадағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты Жамбыл облысының діни ахуалына талдау жүргізуде көрсеткіштерді анықтау, Жамбыл облысындағы діни ахуалдың деңгейі және конфессиялық бағытын анықтау, Тұрғындардың басқа дінге өтуіне қатысты әсерлер факторларын зерделеу, Радикалды діни идеологияға ұшыраған облыс тұрғынына талдау жүргізу, Дін саласындағы тұрақсыздану факторларын анықтау, Төзімділік, конфессияаралық шиеленісу мен жанжалдың болжамды деңгейіне талдау жасау, Дін саласында мемлекеттің саясатын қолдау деңгейіне анықтау және талдау, Облыстағы ата-ана мен баланың арасындағы діни жағдайға байланысты қарым-қатынасты анықтау, Интернеттегі (әлеуметтік желілердегі: әр әлеуметтік желіні жеке-жеке) діни тақырыптардың тұрғындарға қаншалықты әсер етіп жатқанын анықтау болып табылады. Жоба аясындағы херттеу жұмыстары Дін проблемаларын зерттеу орталығымен бекітілген сауалнама арқылы жүргізіледі. Егерде сіздің үйіңізге аталған қордан волонтерлар келген жағдайда түсіністік танып, шынайы жауап бергейсіз.                           Айта кетейік аталған сауалнама Тараз, Шу қалалары және барлық ауданнан жалпы саны 2000 респонденттен алынатын болады. Қазіргі уақытта Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандары тұрғындарынан 830 сауалнама алынып үлгерді.         

«KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры Жамбыл облысы әкімдігің Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Жамбыл облысының діни ахуалын зерттеу» тақырынбадағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты арнайы мамандарды тарта отырып халық арасында сауалнама жүргізу арқылы Жамбыл облысындағы діни ахуалға зерттеу жүргізу. Осы орайда діни ахуалға баға бере алатын зиялы қауым, дінтану, әлеуметтану, саясаттану, философия пәнінің оқытушылары, этно мәдени орталықтың өкілдері, БАҚ өкілдері және теолог мамандарынан 500 эксперттік сауалнама алынды. Сауалнама үлгісі Дін проблемаларын зерттеу орталығымен бекітіліп, сауалнама жүргізі волонтерлар арқылы жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда эксперттік сауалнаманың аналитикалық талдау есебі әзірленуде.

Еске сала кетейік эксперттік сауалнама алдын зиялы қауым өкілдерінен және азаматтық қоғам өкілдерінен тұратын фокус топ құрылып, облыстағы діни ахуалға шолу жасалып, өзекті мәселелерін айқындалған болатын.

 

  «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры Жамбыл облысы әкімдігің Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Жамбыл облысының діни ахуалын зерттеу» тақырынбадағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты арнайы мамандарды тарта отырып халық арасында сауалнама жүргізу арқылы Жамбыл облысындағы діни ахуалға зерттеу жүргізу. Жоба аясында бірінші кезекте зиялы қауым өкілдерінен және азаматтық қоғам өкілдерінен тұратын фокус топ құрылып, облыстағы діни ахуалға шолу жасап, өзекті мәселелерін анықталады. Екінші кезекте діни ахуалға баға бере алатын зиялы қауым, дінтану, әлеуметтану, саясаттану, философия пәнінің оқытушылары, этно мәдени орталықтың өкілдері, БАҚ өкілдері және теолог мамандарынан эксперттік сауалнама алынады. Үшінші кезекте халық арасында 2000 респондеттен сауалнама алып облыстағы діни ахуалға зерттеу жүргізілетін болды. Облыс тұрғындарын аталған сауалнама шынайы жауап беруге шақырамыз.

  

«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу»

Ауданда деструктивті діни ағымдағы азаматтарды қоғамға бейімдеу, оңалту және аудан тұрғындары арасында діни сауаттылықты арттыру, дін туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, қазақтың дәстүрлі діни мен мәдениетін және салт дәстүрін насихаттау мақсатында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырыс аясында «Komek.Demeu.Kz» қоғамдық қорының ұйымдастырумен Луговой станциясындағы жергілікті полиция бөлімшесі қызметкерлерімен, Құлан ауылы аудандық ауруханасында қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Отбасылық құндылықтар

 

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру»  тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында атқарылатын жұмыстары аясында«Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов ауданында ауқымды іс-шаралар кешені жүргізілді.

Аталмыш жоба аясында 2022 жылдың 10-шы қазанында Т.Рысқұлов ауданында Ақыртөбе ауылдық округінде «Аудандағы әкелер, аналар кеңесі жұмысын жандандыру мақсатында кездесу» ұйымдастырылды. Осыған орай, үлгілі, көп балалы отбасылардың, психологтардың, тәрбие ісі бағытындағы мамандардың, жастардың қатысуымен еркін форматта кездесу өткізілді.

 

 

Тараз қаласы тұрғындары арасында қазақи нақыштағы жобаға өз жұмысын жалғастыруда. Жолаушыларға сұрақтар қойылып, ол сұрақтар қызықты деп бағалануда. Кезекті жолаушымыз Амантай Қайнар өз пікірімен бөлісе кетті: Көшеде такси тоқтатып тұрып, осы жігіттер тоқтағанда бірқызық сезімде болдым. Басында тегін апарып саламыз, отырыңыз дегенде түсінбедім. Сосын, көлікке отырып, мән жайды түсіндіргеннен кейін бағымды сынап көруді жөн шештім. Мектеп қабырғасынан бері қазақ тілі мен әдебиеті пәніне жақын болып, қазақи салт дәстүрлерді жақсы білетінмін. Осы жолы да маған қойылған сұрақтардың барлығына жауап беріп, жобаның тарихында қалдыңыз деген жылы лебізге ие болдым.

Жалпы жоба қатты ұнады. Жолаушылардың көңіл күйін аулап, стрессті жағдайда тұрған жолаушылардың психолоигялық жай күйін жақсартуға өте керемет амал екен. Бұндай жобалар алдағы уақытта жиі орын алады деген сенімдемін.

Қала жастарының бастамасымен, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерді жаңа толқын жастарының бойына сіңіру мақсатында ULTTYQ KERUEN жобасы өз жұмысын бастамақ. Жобаның негізгі концепциясы бәрімізге мәлім ТАКСИ телешоуының қазақша баламасы болмақ.

Жоба қала тұрғындарына ерекше әсер мен көңіл күй сылай ғана қоймай, білімдерін шыңдауға мүмкіндік беретініне жоба жетекшілері нық сенімді.

Волонтеры областного молодежного ресурсного центра начали проект "Шебер қарттар" где мальчики волонтерского движения будут совместно работать с бывшими столярами цехов и мебельных заводов. Целью данного проекта является взаимодействие поколении через труд а также деление опыта и мастер класс со стороны старшего поколения.

Ребята будут изготавливать стулья, скворечники из дерева и готовые вещи будут раздавать детям. Данный проект позволит мальчикам понять настоящую мужскую работу.

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы "жастар ресурстық орталығы" КММ волонтерлерінің ұйымдастыруымен қарттар үйіндегі талантты қариялардың уақытын тиімді пайдалану, жақсы көңіл күй сыйлау мақсатында "Ерекше ансамбль" жобасы өз жұмысын бастауда. Жобаға 10-ға жуық белсенді волонтер қатысып, қариялармен бірлесе домбыра, гитара музыкалық аспаптарын сүйемелдеу арқылы өлең айтып, қазақи ұмыт боылп бара жатқан өлеңдерді еске түсіруді жөн деп шешті. 

Осынау жобаның барысында қызықты сәттермен бөліскен жоба жетекшісі Әбуәлі Мұхтарәлі былай деді: "Негізі музыка және ән әрбір жанның моральідк қатерін емдейтін үлкен бір қозғаушы күш болып табылады. Әсіресе егде жастағы, жалғызбасты ата-әжелеріміздің көңілін аулап, бойларын көтергізім, ойларын бөлетін бірден бір жоба осы болды. Мұнда біз таланты бар қарияларды кездестірдік. Біздің балалар ол кісілерден ескінің әуендірін үйреніп, нақты ырғағының қалай естілетінін көрді. Алдағы уақытта осы жобаны жиі өткізіп тұрған дұрыс деген ойға келдік". 

"Ерекше ансамбль" жобасының жұмысы қарқынды жүруде. Волонтер жастар егде жастағы ағаларымыздан домбырада шырқалатын қазақтың көне әндерін үйрену барысында. Оларға "Бал Хадиша", "Дайдидау", "Қазақ қызы" әндері жатады. Осынау тамаша әуендермен бөлісуді жөн көрген ағамыз өзі кезінде мектепте музыка пәнінің мұғалімі болғанын және домбырадан бөлек баян мен гитарада ойнайтындығымен бөлісіп, жастарға біраз өсиет әңгімелерін айтып, жастардың бойындағы рухани құндылықтарды оятты.

Страница 34 из 39