"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам

Қоғам

Жамбыл облысы түгелдей цифрлық эфирлік таратуға көшеді

05/05/2018

 

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Елдос Нәшірәлінің айтуынша, цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу желтоқсан айына жоспарлануда.

Толығырақ айтқанда, 43 радиотелевизиялық станциялар салынып, және олардың тарату аумағы 1 миллион халық тұратын 377 елді мекенді қамтиды. Сонымен қатар, «Телерадио хабарларын тарату» Заңына сәйкес, халықты алдын – ала 6 ай бұрын хабарландыру жұмыстары жүргізіледі. Өзгерістерге байланысты, облыс орталығында 30 телеарнаға дейін және басқа елді мекендерде 15 телеарнаға дейін таратылым жүргізіледі. Аналогтық таратылым толығымен тоқтатылады. Жамбыл облысымен қатар осы жылдың аяғына дейін Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары цифрлық таратылымға көшеді деп жоспарлануда.

 

Жаңа әліпби жаңғыру негізі

«Arai plaza» бизнес-орталығында еліміздегі ең ірі жобаларының бірі – Азияның VI Агрохимиялық форумы өтті.

17 бет. Барлығы: 17