"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Спорт

Спорт

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Ардагерлерді қолдауға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде «Komek.Demeu.kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов ауданының 85 жылдығына және 1 қазан қарттар күніне орай  Құлан ауылында «Ұрпақтар сабақтастығы» атты спартакиада ұйымдастырылды. Спартакиада үстел теннисі, дарц, шахмат, дойбы ойындары бойынша өткізілді. Ойындар ерлер және әйелдер бойынша бөлек өткізілді. Спартакиада жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Ұйымдаспаған жастармен жұмыс жүргізу, үйлестіру және олардың әлеуетін дамыту бағытындағы шараларды ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде «Komek.Demeu.Kz» коғамдық қоры Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат белімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен жұмыс жоспарға сәйкес «Жастар спортты таңдайды» атты волейболдан турнир ұйымдастырылды. Волейбол турнирі Тараз сервис және технология колледжінде студенттер, волонтерлар, белсенді жастар, арасында ұйымдастырылды. Жарыс соңында женімпаз командаларға диплом, сыйлықтар берілді. Атап айтқанда I орынға бутылка және картинка, II орынға Термос, III орынға қапшығы бар су бөтелкесі берілді, сыйлықтармен қоса кубоктар мен медальдар табысталды.

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық әләуетін дамыту бағытында іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және «Асар» оңалту кешенімен бірлесе отырып «Тараз Арена» спорттық кешенінде «Спортты қолдаймыз» атты спартакиада өткізілді. Спартакиада аясында мүмкіндігі шектеулі жастар арасында «Жүзуден», «Дойбыдан», «Жеңіл атлетикадан», «Дартстан», «Бочадан» және «Қол күрестен»   жарыс ұйымдастырылды. Әр спорт түрі 4 санаттан тұрды, Спартакиадаға 60-қа жуық жастар қатысып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, қатысушылар қосымша сыйлықтарға ие болды. 

«Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында іс-шараларды жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Байзақ ауданында ауқымды іс-шаралар кешені жүргізілді.

Аталмыш жоба аясында 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Байқаз ауданында Түймекент ауылындағы Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебімен бірлесе “Жас отбасылар” атты отбасылық спорттық ойындардың эстафетасын ұйымдастырылды. Эстафетаның мақсаты отбасы құндылықтарын насихатттай отыра, жергілікті халық арасында бұқаралық спортты дамыту.

Тараз қаласындағы «Баласағұн» ОКЗ-да «Аманат арқалаған жан» деген тақырыпта батыр Бауыржан Момышұлының келіні, «Шуақты күндер», «Бабалар аманаты», «Күретамыр» кітаптарының авторы, жазушы Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті.

 

Тараз қаласы “Достық үйінде” Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Киелі Қазақстан: Тараз – тарих айнасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 

28 тамызда сағат 15.00-де Тараз қаласының «Достық» үйінде Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Киелі Қазақстан: Тараз – тарих айнасы» тақырыбында ғылыми тәжірибелік конференция өтеді.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбуктегі парақшасында Ақыртас қалашығын жан-жақты зерттеу қажеттігі туралы жазды

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы негізгі міндет- өскелең ұрпақтың бойына ұлттық сананы қалыптастыру.