Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Денсаулық / КЕНЕН АУЫЛЫНДА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

КЕНЕН АУЫЛЫНДА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

ҚР Тұңғыш Президенті мерекесіне орай ашылып жатқан нысандардың қатары Кенен ауылында жалғасын тапты. Мұнда ауылдық амбулатория ғимараты бой көтеріп, тұсауы кесіліп, ел игілігіне берілді. Ашылу салтанатына арнайы катысқан аудан әкімі Болатбек Байтөле әуелі ауыл тұрғындарын келіп жеткен мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ аудан әкімі мерекеге тұспа тұс келіп, тұсауы кесіліп жатқан нысанның ашылуымен де құттықтады. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысынан ардагері Керімқұл Қосақов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет жаңа ғимараттың лентасын қиып, ақ батасын берді. Айта кетсек, мамыр айында басталған жаңа мекеменің құрылысын "Астана Энерго Мастер" ЖШС жүргізіп, бүгінде қолданысқа берілді. Барша келген қонақтарды амбулатория бас дәрігері Толқын Тойшыбекова нысанның ішкі жұмыстарымен таныстырып өтті.