Информационное агентство "Aldaspan-Info"

Главная / Денсаулық / Қалғұтыда фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Қалғұтыда фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесінде Жамбыл облысының 80-жылдығына орай, Қордай ауданындағы шағын елді мекендерінің бірі саналатын Қалғұты ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов, ардагерлер кеңесінің мүшелері және ауыл тұрғындары жиналды. Салтанатты шарада алдыменен Б.Жамангозов жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап, осы күндері аудандағы ел игілігі үшін қолданысқа беріліп жатқан нысандарды атап өтті. 120 шаршы метрді құраған медициналық мекеме 10 келушіге арналған. Ғимарат электр және су жүйесіне қосылып, газбен жылытылады. Заманауи қондырғылармен жабдықталған. Мекемеде бір фельдшер мен бір акушер тұрғындарға қызмет көрсетеді. Осыған байланысты қалғұтылықтар аудан орталығына бармай, өз ауылында медициналық қызметті пайдалануға мүмкіндік алды. Әрине, бұл жаңалыққа тұрғындар дән риза.