Жамбыл облысы әкімінің кубогы үшін «Әулие-ата» Жоғары лигасының кіші финалдық сайыстарының жеңімпаздары анықталды!
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша Жамбыл облысы әкімінің кубогы үшін «Әулие-ата» Жоғары лигасының кіші финалдық сайыстарының жеңімпаздары анықталды!
Жүлделі III орын - Дулати университетінің «Қарасаз» командасына, II орын - Тараздық «Престиж» командасына және I орын - Меркі ауданының «Меркістан» командасына тиесілі болды! Сонымен бірге «Үздік ойыншы» номинациясымен - «Меркістан» командасының ойыншысы - Эргаш Ислам марапатталды!
«Меркістан» командасы Елордада болатын Республикалық маусымашар ойындарына 100 000 теңгелік сертификат жеңіп алды!
"Жайдарлы" Жастар КВН лигасы ЖҚБ