Әдеби дуэль
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» «Тараз қаласының жас ақын жазушыларды қолдау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Кезекті іс-шара жастар арасындағы әдеби дуэль болды.
Әдеби дуэльдің басты мақсаты – жастардың шығармашылық қабілетін шыңдау, суырыпсалмалық өнерін дамыту және сөз мәдениетін арттыру болып табылады. Байқау барысында қатысушылар белгіленген тақырыптар аясында өлең шығарып, прозалық үзінділер жазып, өзара шығармашылық бәсекеге түсті. Әділқазылар алқасы қатысушылардың тіл шеберлігіне, ой тереңдігіне және көркемдік ерекшеліктеріне ерекше назар аударды.
Іс-шараға қаладағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Әдеби дуэль достық әрі тартысты жағдайда өтіп, жастарға ерекше шабыт сыйлады. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, шығармашылық байланыстарын нығайтты. Шара соңында үздік өнер көрсеткен қатысушылар марапатталып, алдағы уақытта осындай әдеби кездесулерді тұрақты түрде өткізу жоспарланып отырғаны атап өтілді.

19 Мамыр 2025
50
25 Қараша 2024