"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / «Оқырман ұлт – жарқын болашақ»

«Оқырман ұлт – жарқын болашақ»

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде кітап оқуды дәріптеу, білім алушылардың оқу белсенділігін арттыру және әдеби шығармаларды кеңінен насихаттау мақсатында «Оқырман ұлт – жарқын болашақ» атты кітап оқу байқауы ұйымдастырылды. Байқау барысында қатысушылар берілген шығармаларды алдын ала оқып, сол шығармалар бойынша өз білімдерін көрсетті. Әдеби шығармалар қамтылып, қатысушылар олардың мазмұнын, негізгі ойын және кейіпкерлердің ерекшеліктерін жан-жақты талдады. Іс-шара барысында қатысушыларға түрлі сұрақтар қойылып, шығармаларды қаншалықты түсінгені тексерілді. Сонымен қатар қатысушылар өздерінің кітаптан алған әсерлерімен бөлісіп, оқудың адам өміріндегі маңызы туралы ой қозғады.

Байқау қатысушылардың кітап оқу дағдыларын жетілдіруге, ойлау қабілетін дамытуға және өз пікірін еркін жеткізуге мүмкіндік берді. Әсіресе, шығармаларды талдау кезінде қатысушылардың терең ойлай білуі мен әдебиетке деген қызығушылығы анық байқалды. Іс-шара соңында үздік деп танылған қатысушылар қаржылай сертификаттармен марапатталды.

Аталған кітап оқу байқауы білім алушылардың рухани дүниесін байытып, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға үлкен ықпал етті. Кітап оқу – тек білім алудың ғана емес, тұлғалық дамудың маңызды құралы екені тағы бір мәрте дәлелденді.

 

joomla 3.5