Авангард поэтикалық кеші
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» «Тараз қаласының жас ақын жазушыларды қолдау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында «Авангард» поэтикалық кешін өткізді.
Авангард поэтикалық кеші – шығармашылық ізденіс пен рухани үндестікті тоғыстырған мазмұнды мәдени шаралардың бірі ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Кештің басты мақсаты – өңірден шыққан жас ақындар мен жазушылардың шығармашылығын кеңінен насихаттау, олардың поэзиядағы өзіндік қолтаңбасын таныту және әдеби орта қалыптастыру болды.
Шара барысында жас қаламгерлердің әртүрлі тақырыптағы өлеңдері оқылып, көрермен қауымға ерекше әсер сыйлады. Олардың шығармаларында бүгінгі қоғамның тыныс-тіршілігі, жастардың арман-мұраты, туған жерге деген сүйіспеншілік пен ұлттық құндылықтар кеңінен көрініс тапты. Әрбір өлең шынайылығымен, терең ойымен және көркем тілімен ерекшеленіп, тыңдарманды бейжай қалдырмады.
Кештің атмосферасы ерекше шығармашылық рухқа толы болды. Қатысушылар мен көрермендер арасында еркін пікір алмасу жүріп, әдебиетке деген қызығушылық арта түсті. Жас ақындар өзара тәжірибе бөлісіп, бір-бірінің шығармашылығына баға беріп, жаңа идеялармен шабыттанды. Мұндай орта олардың шығармашылық дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз.

29 Қыркүйек 2025
6
25 Қараша 2024