"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Үздік жастарды марапаттау

Үздік жастарды марапаттау

Қала әкімінің «Үздік жастар» марапаттау рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл шара – өңір жастарының жетістіктерін насихаттап, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.
Салтанатты кешке қаладағы зиялы қауым өкілдері, түрлі салада еңбек етіп жүрген жас мамандар, жастар ұйымдарының жетекшілері мен белсенді жастар қатысты. Жиын барысында қатысушыларға жастар саясатының маңыздылығы айтылып, жас буынның қоғам дамуына қосып отырған үлесі ерекше атап өтілді.
Іс-шараның басты бөлігі – әр салада үздік атанған жастарды марапаттау рәсімі болды. Атап айтқанда, «Үздік жас құқық қорғау органы қызметкері», «Үздік жас өнертапқыш», «Үздік әлеуметтік сала қызметкері», «Үздік жас медицина маманы», «Үздік жас қоғамдық жұмысшы», «Үздік жас дәнекерлеуші», «Үздік жас кезекші слесарь маманы», «Үздік жас қоғамдық көлік жүргізушісі», «Үздік жұмысшы жас», «Үздік белсенді жас», «Жастар ісі жөніндегі үздік қызметкер», «Үздік жас волонтер», «Үздік жас көшбасшы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы дипломдармен және қаржылай сыйақылармен марапатталды. Марапаттау барысында әрбір жеңімпаздың жетістіктері мен қоғамға қосқан үлесі таныстырылып, олардың еңбегі көпшілікке үлгі ретінде көрсетілді. Бұл өз кезегінде өзге жастарды да белсенді болуға, кәсіби тұрғыда дамуға және қоғамдық өмірге атсалысуға ынталандырады.
Кеш соңында ұйымдастырушылар мұндай игі шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтіп, жастарға қолдау көрсету – мемлекеттің басты бағыттарының бірі екенін жеткізді. Аталған марапаттау рәсімі жастардың еңбегін бағалап қана қоймай, олардың жаңа жетістіктерге ұмтылуына серпін берген тағылымды әрі маңызды шара ретінде есте қалды.

joomla 3.5