"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / AUYLJAS QUIZ: Жамбыл облысында жастардың білім бәйгесі қорытындыланды

AUYLJAS QUIZ: Жамбыл облысында жастардың білім бәйгесі қорытындыланды

Жамбыл облысында «Ауыл» партиясы жанындағы «Ауыл жастары» жастар қанаты ұйымдастырған #АуылЖасКвиз интеллектуалды ойыны өз мәресіне жетті. Екі айға жуық уақытқа созылған жоба аптасына бір рет өткізіліп, бес кезеңнен тұрды. Оған 300-ден астам жас қатысып, өзара білім сайысында бақ сынады.

Жоба барысында қатысушылар түрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап беріп, білімдерін шыңдап, таным көкжиегін кеңейтті. Финалдық кезеңнің қорытындысы бойынша «Қадам» командасы маусым чемпионы атанса, «Тарихшылар» командасы екінші орынды иеленді. Ал үшінші орын «Білім Force» командасына бұйырды.

#АуылЖасКвиз жобасы ауыл жастарының зияткерлік әлеуетін арттырып, олардың қоғамдық белсенділігін күшейтуге бағытталған маңызды бастама ретінде бағаланды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да жастардың білім мен дамуға деген қызығушылығын арттыратын осындай жобаларды жалғастыруды көздейді.

Ауыл жастары – ел болашағы.

  

joomla 3.5