"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / «Пікірсайыстың пайдасы» семинар-тренингі өтті

«Пікірсайыстың пайдасы» семинар-тренингі өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан «Жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы аясында «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде «Пікірсайыстың пайдасы» атты семинар-тренинг өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — жастарға пікірсайыстың тұлғалық және интеллектуалдық дамудағы маңызын түсіндіру, сыни ойлау, шешендік өнер және көпшілік алдында еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру.Семинар барысында қатысушылар өз көзқарасын қалыптастыру, қоғамдық мәселелерді сыни тұрғыдан талдау, пікірін нақты әрі дәлелді жеткізу және пікірсайыс мәдениетін меңгеру бағытында пайдалы ақпарат алды.Іс-шара жастардың пікірсайысқа қызығушылығын арттырып, олардың интеллектуалдық және коммуникативтік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.

joomla 3.5