Таразда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті
Тараз қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.
Игі бастамаға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, мемлекеттік қызметшілер, мекеме және кәсіпорын қызметкерлері, ардагерлер, жастар мен қала тұрғындары қатысты. Жалпықалалық тазалық жұмыстарына 5 мыңға жуық адам мен 25 арнайы техника жұмылдырылып, қала аумағынан 150 тонна қоқыс шығарылды.
Сенбілікке Тараз қалалық еріктілер қозғалысының белсенді жастары да атсалысты. Қозғалыс белсендісі Болат Аққанат Саматқызы жастарды ортақ іске жұмылдырып, тазалық жұмыстарына белсенді қатысты. Оның айтуынша, туған қаланың тазалығы әр азаматтың күнделікті жауапкершілігінен басталады.
«Таза Қазақстан» акциясы – қаланы көркейтуге бағытталған бір реттік шара емес, тұрғындардың қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастыратын маңызды бастама. Таза әрі жайлы Таразды қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.
Осындай игі бастамаларға жастардың белсенді қатысуы қаланың қоғамдық өміріне серпін беріп, волонтерлік мәдениетті одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Тараз қаласының тазалығы мен көркеюіне бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

29 Қыркүйек 2026
19
25 Қараша 2024