"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / «Пікірсайыс форматының озық үлгілерін талқылау» тақырыбындағы семинар тренинг өткізілді

«Пікірсайыс форматының озық үлгілерін талқылау» тақырыбындағы семинар тренинг өткізілді

Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы аясында «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Тараз мамандандырылған коледжінде «Пікірсайыс форматының озық үлгілерін талқылау» атты семинар тренинг өткізілді.
Студенттердің пікірсайыс мәдениетін қалыптастыру, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін әрі дәлелді жеткізу дағдыларын жетілдіру, пікірсайыстың озық тәжірибелерімен таныстыру және жастардың қоғамдық мәселелерге қатысты белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Студенттерге пікірсайыстың негізгі қағидалары мен ерекшеліктерін түсіндіру, тиімді аргумент келтіру және өз ойын жүйелі әрі дәлелді түрде жеткізу дағдыларын қалыптастыру, қарсы тараптың пікірін тыңдау және талдау қабілетін жетілдіру, пікірсайыста қолданылатын озық әдіс-тәсілдермен таныстыру, сыни ойлау, шешім қабылдау және көпшілік алдында сөйлеу қабілеттерін дамыту, сондай-ақ жастар арасында пікірсайыс мәдениетін қалыптастырып, олардың қоғамдық мәселелерге белсенді араласуына ықпал ету.
Семинар-тренинг барысында қатысушыларға пікірсайыстың маңызы, оның жастардың интеллектуалдық және көшбасшылық қабілеттерін дамытудағы рөлі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар пікірсайыс кезінде тақырыпты дұрыс талдау, нақты позиция қалыптастыру, аргументтерді жүйелеу және оларды дәлелдермен негіздеу жолдары түсіндірілді.
Іс-шараның практикалық бөлімінде студенттер пікірсайыстың озық үлгілерімен танысып, тиімді сөйлеу, қарсы тараптың ұстанымын талдау және өз көзқарасын қорғау бойынша түрлі тапсырмалар орындады. Қатысушылар шағын топтарға бөлініп, берілген тақырыптар бойынша өз пікірлерін ортаға салып, пікір алмасу жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ пікірсайыс барысында кездесетін негізгі қателіктер талданып, оларды болдырмаудың тиімді жолдары қарастырылды. 
joomla 3.5