Түсіндіру жұмысытары жүргізілуде
Түсіндіру жұмысытары жүргізілуде
Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап «Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбындағы мемлекеттің әлеуметтік жобасы бастау алған болатын. Осы мақсатта 25-29 шілде аралығында «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Жуалы ауданының Б.Момышұлы а.о, Ақсай а.о, Көкбастау а.о, Шақпақата а.о, Қарасаз ауылдық округтерін қамтыды.
Аталмыш іс-шаралардың мақсаты аудан тұрғындары арасында рухни құндылықтарды сіңіре отырып жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Іс-шаралар барысында жергілікті халық арасында түсіндірме жұмыстарымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттердің маңызы мен нәтижелері талқыланып, жиынға қатысушылар өздеріне өзекті болып тұрған сұрақтарына толық жауап ала алды.