ерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Шыңның жүзі - Шераға» атты облыстық пікірсайыс турнирі
Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Шыңның жүзі - Шераға» атты облыстық пікірсайыс турнирінің
АҚПАРАТЫ
Өткізілу орны мен уақыты: 2022 жылдың 14 мамыр күні, сағ.9.00, Жамбыл обл.,Меркі ауданы Меркі ауылы
Мақсаты: Пікірсайыс турнирі Шерхан Мұртазаның 90 жылдығын жоғары деңгейде атап өту мақсатында, облысымызда пікірсайысты дамыту мақсатында өткізілді.
Мазмұны: Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Шыңның жүзі - Шераға» аттыатты облыстық студенттер арасында пікірсайыс турнирін ұйымдастырды.
Турнир кестеге сәйкес Тараз қаласы мен аудандық колледжермен ЖОО студенттерін жинау арқылы жүргізіліп,
100-ге жуық студент қатысты.
Қатысушылар:Тараз қаласы мен облыс аудандарынан ЖОО және колледж студенттері пікірсайыс ойнаушы жастары. Барлығы – 100 адам.
Мақала: Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Шыңның жүзі - Шераға» атты облыстық студенттер арасында пікірсайыс турнирін Меркі ауданы, Меркі ауылында ағымдағы жылдың 14 мамыр күні ұйымдастырды.
Турнир кестеге сәйкес Тараз қаласы мен аудан студенттерін жинау арқылы жүргізіліп, аудандардың бетке ұстар жастары қатысты. Турнир іріктеу турнирлерінен 1/8, 1/4, 1/2, және финалдан тұрды. Турнир пікірсайысшылар арасында танымал АПФ, ЛД форматтарында ұйымдастырылды.
Турнир 2 лигада өтті.
Альфа лигасының жеңімпаздары:
1 орын Эделвейс фракциясы
Серикова Аружан,Реймбаева Асель
2 орын Назарбаев пен Тоқаев фракциясы
Тоқберген Азамат, Тлеумұратов Нұрдәулет
3 орын Санкция фракциясы
Рахымжанов Төлеби, Мелс Нұрдана
3 орын Дофамин фракциясы
Амангелді Ұлжан,Қалдыбаева Наргиза
Бетта лигасының жеңімпаздары:
1 орын Ну, погоди фракциясы
Малик Дильназ, Шырақбаев Бекарыс
2 орын Көбелектер фракциясы
Ташим Аружан, Жеткерген Асель
3 орын Winners фракциясы
Момыналы Аяулым, Алкайдарова Инкар
3 орын потомки назарбаева и токаева фракциясы
Узакбаев Садр, Омиргали Айсултан
”Ең үздік спикер” номинациясын Реймбаева Асель жеңіп алса,”Үздік спикер” номинациясының иегері Амангелді Ұлжан атанды. Қалған командалар “Үздік талпыныс”, “Ең креативті топ”, “Үздік аналитик”, “Үздік идея иесі” және т.б. номинациялармен марапатталды. Жеңімпаздарға кубоктармен қатар ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Жалпы турнир барысында Қарарлар:
1. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмыс уақытын қысқартып, айлығын азайту ақталады д.е.
2. ЕО мигранттарға байланысты саясаты дұрыс емес д.е.
3. Ресейді спорттық сайыстардан шеттету ақталмайды д.е.
4. Отбасыда көп бала болуы керек деген идеяның пайдасынан зияны көп д.е.
5. Қарттар үйі мен балалар үйін қосу ақталмайды д.е.
6. БҰҰ ретінде дамымаған елдердің білімін дамытуға ғана көмек беру керек д.е. деген секілді тақырыптар талқылап, өз араларында пікір алмасты. Ал, оқушылар арасында нағыз жеңімпаздарды анықтау үшін турнирді толығымен біліктілігі жоғары «Төрешілік оқыту» курсынан өткен сертификатталған төрешілер алқасы шешім шығарды.
Осылайша, дәл қазіргідей болашақта да оқушылар мен студенттерді кез-келген салада дамыту мақсатына бағытталған жастардың ұсынған әрбір тың идеялары мен жобалары Жастар басқармасының тарапынан қолдау таба бермек.