Отанға деген сүйіспеншілік
Отанға деген сүйіспеншілік, өз Отаны мен халқына адалдық және оның алдындағы жауапкершілік, Отан мүддесі жолында құрбандықтар мен істерге дайын болу.
Әскер – біздің егемен мемлекетіміздің берік қалқаны. Оны нық ұстап тұру – қасиетті борыш қана емес, сондай-ақ, зор мәртебе. «Әскери қызмет – ел Тәуелсіздігінің, Қазақстанның әр шаңырағының тыныштығы мен алаңсыздығының кепілі» деген сөз әрбір азаматқа рух сыйлайды.
Қазақ әскерінде қызмет атқарып, Отан алдындағы борышын орындауда ер жігіттерге аса жауапкершілік пен үлкен міндет жүктеледі. Қарттар өз балаларының бойына отансүйгіштік сезімін оятуға күш салуы керек. Мектептер мен колледждер сияқты мекемелер де осыны насихаттауы керек. Ел жастары елді сүюге, құрметтеуге, оны нығайтуға ұмтылуы қажет. Осы мақсатта облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы "жастар ресурстық орталығы" КММ-нің бастамасымен YouTube, Instagram,Facebook әлеуметтік желілерінде OTAN OTTAN DA YSTYQ ұранымен минуттық видеороликтер жарық көруде.