Отбасылық құндылықтар
Отбасылық құндылықтар
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында атқарылатын жұмыстары аясында«Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов ауданында ауқымды іс-шаралар кешені жүргізілді.
Аталмыш жоба аясында 2022 жылдың 10-шы қазанында Т.Рысқұлов ауданында Ақыртөбе ауылдық округінде «Аудандағы әкелер, аналар кеңесі жұмысын жандандыру мақсатында кездесу» ұйымдастырылды. Осыған орай, үлгілі, көп балалы отбасылардың, психологтардың, тәрбие ісі бағытындағы мамандардың, жастардың қатысуымен еркін форматта кездесу өткізілді.