500 респонденттен эксперттік сауалнама алынды.
«KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры Жамбыл облысы әкімдігің Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Жамбыл облысының діни ахуалын зерттеу» тақырынбадағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты арнайы мамандарды тарта отырып халық арасында сауалнама жүргізу арқылы Жамбыл облысындағы діни ахуалға зерттеу жүргізу. Осы орайда діни ахуалға баға бере алатын зиялы қауым, дінтану, әлеуметтану, саясаттану, философия пәнінің оқытушылары, этно мәдени орталықтың өкілдері, БАҚ өкілдері және теолог мамандарынан 500 эксперттік сауалнама алынды. Сауалнама үлгісі Дін проблемаларын зерттеу орталығымен бекітіліп, сауалнама жүргізі волонтерлар арқылы жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда эксперттік сауалнаманың аналитикалық талдау есебі әзірленуде.
Еске сала кетейік эксперттік сауалнама алдын зиялы қауым өкілдерінен және азаматтық қоғам өкілдерінен тұратын фокус топ құрылып, облыстағы діни ахуалға шолу жасалып, өзекті мәселелерін айқындалған болатын.