"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / ҚАЖД мекемелерінде оңалту жұмыстары жүргізілуде

ҚАЖД мекемелерінде оңалту жұмыстары жүргізілуде

«KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры Жамбыл облысы әкімдігің Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» тақырынбадағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты түрмеде жазасын өтеп жатқан азаматтардың арасында дәстүрлі емес діни бағыттың алдын алу.
2024 жылдың 22-23 сәуір күндері республикалық маңызы бар қаладан арнайы лектор-психолог Раздықова Гүлназ Мақсұтқызы шақырылды. Гүлназ Мақсұтқызы Тараз қаласы аумағында орналасқан №58-ші түзету мекемесінің мәжіліс залында сала қызметкерлерінің өзара әріптестігін нығайту және кәсіби деңгейін арттыру мақсатында семинар-тренинг және №59, №25 түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

joomla 3.5