Мекемелерде оңалту жұмыстары жүргізілуде.
«KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры Жамбыл облысы әкімдігің Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» тақырынбадағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда жоба аясында Тараз қаласы бойынша 10 дінтанушы маман тартылып жұмыс жүргізілуде. Өз кезегінде әр маман аптасына 1 рет, айына 4 рет, 6 айда 24 рет кездесулер ұйымдастыруда. Осылайша жоба аясында 480 жуық жеке кездесу өткізілетін болады.