Фокус топ отырысы өткізілді
Жамбыл обылысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ тапсырысымен «Жамбыл облысының діни ахуалын зерттеу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында «Komek.Demeu.kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 17 сәуір күні фокус топ отырысы өткізілді. Фокус топқа Дін проблемаларын зерттеу орталығымен келісілген фокус топ мүшелері қатысты. Фокус топ отырысында оқу орынарындарында хиджап кию мәселесі, дін ұстанатын азаматтар мен азаматшаларға қоғамның көзқарасы, қоғамның өзге дін өкілдеріне деген көзқарасы, дінді отбасыда үйрену, ғибадатханаларға бару сынды мәселелер аясында ой қозғалды.