"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / Халық арасында саулнама алынды

Халық арасында саулнама алынды

«KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің «Жамбыл облысының дін ахуалын зерттеу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыруда. Жоба аясында 2024 жылдың сәуір айында фокус топ отырысы ұйымдастырылып, діни ахуалға шолу жасалды. Сәуір айында Тараз қаласында 500 дана (қоғамдағы діни ахуалға баға бере алатын зиялы қауым, дінтану, әлеуметтану, саясаттану, философия пәнінің оқытушылары т.б) эксперттік сауалнама алынды. Жоба аясында арнайы халық арасынан алынатын сауалнама үлгісі тапсырыс берушімен келісіліп сәуір айында Тараз қаласы (800 адам), мамыр айында Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Сарысу, Талас, Т.Рысқұлов (әр ауданнан 100 адам) аудандарынан, маусым айында Меркі, Қордай, Шу, Мойынқұм аудандарынан сауалнама алынды. Қазіргі таңда толтырылған сауалнамалардың жалпы саны 2000. Әлеуметтік сауалнама облыс тұрғындары арасында «face to face» - «жеке сұхбат» әдісі бойынша жүргізілді. Аталмыш жоба аясында жасалынып жатқан жұмыстар электронды бақ беттерінде және әлеуметтік желілерде уақытылы жаряланып отыр. Бүгінгі таңда «Алдаспан инфо» ақпараттық порталына 6 материал, әлеуметтік желі беттеріне 8 материал жарияланды. Қазір таңда алынған сауалнамалардың қорытынды сараптамасы жасалуда.

 

joomla 3.5