Оңалту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
«KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында сотталған діндәрларды оңалту мақсатында, 10 маманмен келісім шартқа қол қойылды. Келісім шарт бойынша атқарылатын жұмыстар:шақырылған мамандармен аптасына 1 рет, айына 4 рет, 7 айда 28 рет кездесу ұйымдастырылады. Әр маман кездесулер бойынша сотталған діндәр азаматтардың портреттерін, қандай діни ағымды ұстанғанын, кімнің уағызын тындайдытынын, қандай кітап оқитынын анықтауда.
Сонымен қатар,жоба аясында 2024 жылдың 16 қыркүйек күні республикалық маңызы бар қаладан арнайы ұстаз Ризабек Батталұлы шақырылды.Ризабек Батталұлы №158/4 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осы мақсатта бұған дейін дінтанушы маман Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлы және Акимханов Асқар Болатбекұлы шақырылған болатын. Аталған мамандармен №25,26,58,59 түзеу мекемелерінде кездесулер өткізілді.