Республикалық маңызы бар қаладан арнайы маман шақырылды
«KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында сотталған діндәрларды оңалту мақсатында, 10 маманмен келісім шартқа қол қойылды. Келісім шарт бойынша атқарылатын жұмыстар: шақырылған мамандармен аптасына 1 рет, айына 4 рет, 7 айда 28 рет кездесу ұйымдастырылады. Әр маман кездесулер бойынша сотталған діндәр азаматтардың портреттерін, қандай діни ағымды ұстанғанын, кімнің уағызын тындайтынын, қандай кітап оқитынын анықтауда. Сонымен қатар, жоба аясында 2024 жылдың 30 қазан күні республикалық маңызы бар қаладан арнайы ұстаз Айтаев Икрам Сатибалдиевич шақырылды.Айтаев Икрам №58,25 түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осы мақсатта бұған дейін дінтанушы маман Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлы және Акимханов Асқар Болатбекұлы,белгілі ұстаз Ризабек Батталұлы шақырылған болатын. Аталған мамандармен №25,26,58,59,158/4 түзеу мекемелерінде кездесулер өткізілді.