Мешіттердегі жергілікті жамағат арасында ағарту жұмыстары жүргізілді.
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Дәстурлі емеc діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және алдын-алу бойынша іс-шаралар» тақырыбындағы әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында орналасқан орталық мешіт қабырғасында Мешіттердегі жергілікті жамағат арасында ағарту жұмыстары жүргізілді. Кездесуге 10-нан аса мешіт жамағаты жиналды. Мешіттердегі жергілікті жамағат арасында ағарту жұмыстарына Тараз қаласынан арнайы дінтанушы, дінтану гуманитарлық ғылымдарының магистрі Аманбаев Ержан Маханұлы шақырылды. Ержан Маханұлы қатысушыларға жат ағымдардың сипаттарын, олардан төнетін қауіптер, дәстүрлі дін, дін мен дәстүр туралы ақпараттармен бөлісіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстарынан соң мешіт имамы жұма уағызын айтып, жұма намазы оқылды.