"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / «Мемлекеттік дін саясаты» атты семинар

«Мемлекеттік дін саясаты» атты семинар

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің  «Дәстурлі емеc діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және алдын-алу бойынша іс-шаралар» тақырыбындағы әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Мойынқұм ауданы, Күшаман ауылында «Мемлекеттік дін саясаты» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар 20-ға тарта ауыл тұрғындары қатысты. Семинарға Тараз қаласынан арнайы дінтанушы, дінтану гуманитарлық ғылымдарының магистрі Аманбаев Ержан Маханұлы шақырылды. Ержан Маханұлы қатысушыларға жат ағымдардың сипаттарын, олардан төнетін қауіптер, дәстүрлі дін, дін мен дәстүр туралы ақпараттармен бөлісіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

joomla 3.5