"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / «Дін және жастар» атты тренинг өтті

«Дін және жастар» атты тренинг өтті

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің  «Дәстурлі емеc діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және алдын-алу бойынша іс-шаралар» тақырыбындағы әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Мойынқұм ауданы, Ақсүйек ауылында, №1 орта мектеп қабырғасында «Дін және жастар» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингке 30-дан аса ауыл тұрғындары мен жастар, мектеп ұжымы қатысты. Кездесуге Тараз қаласынан арнайы дінтанушы, тарих мамандығы бойынша магистр Құттыбаев Дәурен Нұржанұлы шақырылды. Дәурен Нұржанұлы қатысушыларға жат ағымдардың сипаттарын, олардан төнетін қауіптер, дәстүрлі дін, дін мен дәстүр туралы ақпараттармен бөлісіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тренинг соңында сұрақтар қойылып, кері байланыс орнатылды.

joomla 3.5