"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / «Мен болашақпын» атты жастармен және жасөспірімдермен семинар-тренинг өтті

«Мен болашақпын» атты жастармен және жасөспірімдермен семинар-тренинг өтті

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің  «Отбасы институтын нығайту және отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Мойынқұм ауданы, Ақсүйек ауылында, №1 орта мектеп қабырғасында «Мен болашақпын» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингке 30-дан аса ауыл тұрғындары мен жастар, мектеп ұжымы қатысты. Семинар-тренингке Тараз қаласынан арнайы заңгер, коучер-спикер Өмірбеков Данияр Маратұлы шақырылды. Данияр Маратұлы қатысушыларға отбасының қоғамдағы ролі, жастардың отбасын құрудағы мақсат-міндеттері, қоғамдағы және отбасындағы басты проблемалар, болашақты дұрыс құру және жоспарлау туралы ақпараттармен бөлісіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тренинг соңында сұрақтар қойылып, кері байланыс орнатылды.

 

joomla 3.5