"Aldaspan-Info" ақпараттық агенттігі

Басты бет / Қоғам / «Бақытты отбасы» тақырыбында шеберлік класс өткізілді.

«Бақытты отбасы» тақырыбында шеберлік класс өткізілді.

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің  «Отбасы институтын нығайту және отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Мойынқұм ауданы, Биназа ауылында «Бақытты отбасы» тақырыбында шеберлік класс өткізілді. Шеберлік классқа 30-дан аса ауыл тұрғындары мен жастар, мектеп ұжымы қатысты. Шеберлік классқа Тараз қаласынан арнайы заңгер, коучер-спикер Өмірбеков Данияр Маратұлы шақырылды. Данияр Маратұлы қатысушыларға отбасының қоғамдағы ролі, жастардың отбасын құрудағы мақсат-міндеттері, қоғамдағы және отбасындағы басты проблемалар, болашақты дұрыс құру және жоспарлау туралы ақпараттармен бөлісіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тренинг соңында сұрақтар қойылып, кері байланыс орнатылды.

joomla 3.5