«Бақытты отбасының құралдары» тақырыбында кездесу өткізілді.
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту және отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Мойынқұм ауданы, Күшаман ауылында «Бақытты отбасының құралдары» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге 20-дан аса ауыл тұрғындары қатысты. Кездесуге Тараз қаласынан арнайы заңгер, коучер-спикер Өмірбеков Данияр Маратұлы шақырылды. Данияр Маратұлы қатысушыларға отбасының қоғамдағы ролі, жастардың отбасын құрудағы мақсат-міндеттері, қоғамдағы және отбасындағы басты проблемалар, болашақты дұрыс құру және жоспарлау туралы ақпараттармен бөлісіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тренинг соңында сұрақтар қойылып, кері байланыс орнатылды.